Италия Қазақстанда жасыл технологияларды дамытпақ

944

Италия Қазақстанда жасыл технологияларды дамытпақ

 

Италия кәсіпкерлерін Қазақстандағы жасыл технологиялар қызықтырады. Бүгін Астанаға келген бір топ италяндық кәсіпкерлер баламалы энергия көздерін дамытуға инвестиция құюды көздеп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда Италияның 10-нан астам ірі компаниялары жұмыс істейді. Соңғы жасалған келісімге сай олар биометан және электр энергиясын өндіру үшін екі зауыт салмақ. Әзірге инвестиция құны 50 млн доллар. Еліміздегі баламалы энергиядан алынатын қуат көзі 1 пайызды құраса, бұл көрсеткіш Апеннин түбегінде 20 пайыз екен. Осылайша италяндық мамандар инвестицияның басым бөлігін жасыл технологияны дамытуға бағыттамақ. Айта кетейік Қазақстан мен Италия арасындағы сауда айналымы 5,8 млрд долларға жетіп, соңғы 6 айда бұл көрсеткіш 40 пайызға өскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу