Италия Қорғаныс министрлігі украин әскерилерін дайындап жатпағанын айтты

568

Бұған дейін Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа тікелей қатысып, қару-жарақ жеткізуді және әскери кадрларды даярлауды жүзеге асыратынын мәлімдеді. 

Италия Қорғаныс министрлігі украин әскерилерін дайындап жатпағанын айтты Фото: encrypted-tbn0.gstatic

Италия аумағында украин әскери күштері үшін ешқандай оқу іс-шаралары өткізілген жоқ, дейді Италияның Қорғаныс министрлігі, деп жазады Inbusiness.kz.

"Кейбір БАҚ-та Италия аумағында украиналық әскери қызметшілерге арналған оқу іс-шаралары туралы айтылады. Осыған орай айтатынымыз - Италияда ешқандай әскери оқыту жүргізілмеген. Қорғаныс министрлігі Германияға Еуропалық топтың құрамында тек төрт әскери қызметкерді жіберді, олар болашақта өтетін оқу-жаттығу шараларын пысықтауда, бірақ біздің елдің аумағында ешқандай әскери дайындық шаралары жүргізілмегенін тағы ескертеміз", — делінген әскери Департаменттің бейсенбідегі мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу