Италия мигранттар мәселесіне байланысты Еуроодақ бюджетіне тыйым салатындығын ескертті

1218

Италия мигранттар мәселесіне байланысты Еуроодақ бюджетіне тыйым салатындығын ескертті

Rai телеарнасынан сөз алған Италияның премьер-министрі Маттео Ренци, егер Шығыс Еуропаның өзге елдері босқындар жөніндегі келісімдерді сақтамай, оларды өз аумақтарына қабылдаудан бас тартатын болса Еуроодақтың бюджетіне тыйым салатындықтарын мәлімдеді. Бұл туралы la Repubblica хабарлап отыр.

"Мигранттар мәселесін шешуге ақша бөлінген, алайда Словакия мен Венгрияның келісімді сақтамауы – дұрыс емес", – деді премьер.

Оның айтуынша, Венгрия мен Словакия босқындарға қатысты көлгірсігенімен, жағдайды реттеуге құлықты емес.

 "Бюджетті талқылау басталған кезде Италия вето салуға әзір", – деп  мәлімдеді Ренци.

Ренци, сондай-ақ, алдағы жылы Италия мигранттардың легін қабылдауға қауқарсыз екенін айтып, сондықтан Еуропа елдерін оы мәселеде ортақ мәмілеге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу