Италия Премьер-Министрі Джорджа Мелони Қазақстанға жұмыс сапарымен келе алмайтын болды

805

Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Италия Премьер-Министрі Джорджа Мелони Қазақстанға жұмыс сапарымен келе алмайтын болды Фото: Twitter

"Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-Министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады. Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды", - деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу