Италия премьер-министрі Лавровты Гитлер мен еврейлер туралы айтқан сөздері үшін сынға алды

962

Лавров Гитлерді еврей деп атаған болатын.

Италия премьер-министрі Лавровты Гитлер мен еврейлер туралы айтқан сөздері үшін сынға алды

Италияның Премьер-Министрі Марио Драги Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты Италияның Rete-4 телеарнасына берген сұхбатында айтқан сөздері үшін сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біздің елде жалған болса да, кез келген пікірді еркін білдіруге мүмкіндік берілген. Министр Лавровтың айтқаны қате деп санаймын. Оның "Гитлер еврей ұлтынан шыққан" деп мәлімдеуі – өте ұятсыз қылық", – деді Драги.

1 мамырда Сергей Лавров Ресейдің Украинада болып жатқан жағдайға қатысты негізгі ұстанымдарын атап өтіп, Украина тарапы АҚШ-тың ықпалымен келіссөздерді жалғастырудан бас тартып отырғанын жариялады. Сонымен қатар ол өз сөзінде Украина Президенті Зеленский мен Гитлердің еврей ұлтынан шыққанын мәлімдеп, еврейлердің антисемитизм туралы сөзіне тоқталды.

Табиғат Нұрболат

Фото: epa.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу