Италия Премьер-Министрі желіде Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы жазба арнады

418

Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Орта Азия елдері және Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға күш салмақшы, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Италия Премьер-Министрі желіде Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы жазба арнады Фото: akorda.kz

"Бүгін Палаццо Киги сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдағаныма қуаныштымын. Оның сапары әріптестігіміздің стратегиялық құндылығын және халықтарымыз арасындағы қарым-қатынастың тамаша деңгейін көрсетеді. Өзара қызығушылық тудыратын көптеген стратегиялық секторлар бойынша маңызды түсіністік хаттамаларымен алмасу және бірлескен декларацияны қабылдау Қазақстан және Орталық Азия елдерімен серіктестікті нығайту мен ынтымақтастықты арттыруға деген ұмтылысты арттырады", - делінген жазбада.

Оның пікірінше, екі ел білім беру саласындағы серіктестік және туризм елдер арасындағы байланыстарды тереңдетуде маңызды рөл атқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу