Италия премьері отставкаға кетеді

696

Бұл қызметке ол 2018 жылдың маусымында тағайындалды.

Италия премьері отставкаға кетеді Фото: rbc.ru

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте 26 қаңтарда отставкаға кетеді. Бұл шешімін саясаткер министрлер кеңесінде жариялайды. 

Пандемия салдарымен күрес жоспарына қатысты келіспеушіліктерден соң Italia Viva партиясы өз министрлерінің үкімет құрамынан шығатынын мәлім еткен еді.Осыдан кейін үкімет дағдарысы басталды. Өйткені осы партияның дауысы үкімет үшін маңызды саналады. 

Отставкаға кететінін жариялағаннан соң, Конте мемлекет басшысы Серджо Маттареллемен кездеседі.Ол президенттен парламенттің үлкен қолдауына ие үкімет құруға мүмкіндік беретін жаңа мандат алуға ниетті.Әзірге басқарушы коалицияның мүшелері, Movimento 5 Stelle қозғалысы және Демократиялық партия Контені қолдайтынын білдірді.

Ескере кететін жайт, Джузеппе Конте Италия үкіметін 2018 жылдың маусымынан бастап басқарады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу