Италия су астында қалды

656

Ұзақ уақытқа созылған жаңбыр Орталық Еуропа аймақтарына орны толмас зиян келтіруде. 

Италия су астында қалды Фото: Radio Moldova

Италияның солтүстігінде 14 өзен арнасынан тасыды.

Елдің аумағындағы елді-мекеннің біразын көшкіннен су басып, автомобиль мен теміржол көлігінің қозғалысы бұзылды, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Тоғыз адам қайтыс болды, кейбірі хабар-ошарсыз кетті. Италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Эмилия-Романья аймағында 36 сағат ішінде алты айлық жауын-шашын мөлшері түскен. 

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істейді. Су басқан үйлерден адамдар қайықтармен және тікұшақтармен шығарылып жатыр. 

Қауіпсіздік мақсатында осы демалыс күндері Эмилия-Романьяда өтуі керек болған "Формула-1" гран-при жарысы тоқтатылды.

Италиядан басқа Сербия, Хорватия мен Словенияда қатты жаңбыр басылмай жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу