Италия, Түрікменстан мен Ауғанстан Қазақстанның бидайын аз тұтына бастады

683

Бұл экспорттық бағалардың демпингіне байланысты болды.

Италия, Түрікменстан мен Ауғанстан Қазақстанның бидайын аз тұтына бастады Фото: ortcom_kz

2024 жылы әлемдік бидай нарығында бірқатар өзгерістер күтіліп отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Еуропа, Оңтүстік Африка және Украинада ауа райының қолайсыздығынан бидай өндірісі төмендейді деп болжанып отыр. Ресейдің бидай бойынша экспорттық әлеуеті 2024-2025 жылдары 53 млн тонна көлемінде болады, бұл өткен маусыммен салыстырғанда 10,1 пайызға кем.  Қазақстанның қаңтар-тамыз айларындағы бидай экспорты 3,13 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 39,2%-ға төмен. Төмендеудің себебіне өткен жылғы өнімнің аздығы және дәстүрлі экспорттық нарықтарда бәсекелестіктің күшеюі жатады", - деді вице-министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, бидай экспортының нарықтары географиясының тарылуы байқалып отыр. 

"Негізгі экспорттық нарықтар – Италия, Түркменстан және Ауғанстан, Ресей Қазақстанның бидайын тұтынуын бірнеше есе азайтты. Бұл экспорттық бағалардың демпингіне байланысты болды, ол қазақстандық бидайдың Орталық Азиядағы негізгі экспорттық нарықтарда ауысына себеп", - деді Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу