Италия үкіметі банктерді құтқаруға 20 млрд еуро жұмсамақшы

1235

Италия үкіметі банктерді құтқаруға  20 млрд еуро жұмсамақшы

Италия үкіметі банк секторын құтқаруға 20 млрд еуроға дейін қаржы қарастыратын дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар пакетін бекітті. Жұма, 23  желтоқсан күні елдің премьер-министрі Паоло Джентилони үкімет қаулы қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды AFP.

Үкіметтің қаулысына сәйкес, қаржының басым бөлігі  банкроттықтың алдын алуға және бүгінде кредиттік дағдарыстан шығын шегіп жатқан италиялық банктердегі салымдарды кепілдендіруге жұмсалады.  Жалпы мерзімі өткен кредиттің көлемі 360 млрд еуроға жеткен. Бұл Италия ЖІӨ-нің төрттен біріне тең, деп мәлім етті DW.

Дағдарыс әсіресе негізі сонау  1472 жлы құрылған, елдегі ең көне банк саналатын Monte dei Paschi di Siena (BMPS) банкіне қатты әсер етті. Егер биылғы жылдың соңына дейін капиталын 5 млрд еуро көлемінде толықтырмайтын болса, онда банк құрдымға кетуі мүмкін.  Дағдарысқа қарсы пакеттің қабылданғаны шындығында BMPS банкін мемлекет меншігіне айналдыру болып саналады.  Сондай-ақ Unicredit пен Intesa SanPaolo және  басқа қаржы институттарының жағдайы мәз емес.

Италияда банктік дағдарыс шілдеден бастап, Еуропа орталық банкінің BMPS-ке "нашар" несие көлемін айтарлықтай қысқартуды талап етіп отырғаны туралы белгі болған сәттен бастап ушығып кетті. Бүгінде Италияның мемлекеттік қарызы 2,2 трлн еуродан асып жығылып, ЖІӨ-нің 133 пайызына жетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу