Италия Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатады

611

Италия билігі жыл соңына дейін Украинаға жаңа әскери көмек пакетін ұсынбайды. 

Италия Украинаға қару-жарақ жеткізуді тоқтатады Фото: www.tourdom.ru

Бұл туралы сейсенбіде Италияның Қорғаныс министрі Гуидо Крозетто мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz ANSA агенттігне сілтеме жасап.

"Жыл соңына дейін [Киевке әскери көмек туралы] жаңа жарлық болмайды деп сендіремін. Үкімет Украинаға болашақта қалай әрі қаншалықты көмектесетінін болашақта көрерміз. Соңғы кездері Киевке, ең алдымен, энергияның жетіспеушілігі аясында инфрақұрылымды қайта қалпына келтіру үшін арнайы техника, генераторлар қажет", — деді министр.

Ол Италия Украинаны "Солтүстік Атлантикалық альянстың шешімдері аясында" қолдауды жалғастыратынын, ал болашақта көмектің қарқыны мен мәні "анықталатынын" атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу