Италия Украинаны қалпына келтіруге атсалысады

749

Украинаның қорғаныс стратегиясы "сәтті", сондықтан "болашақта жаһандық қауіпсіздіктің" негізін қалайды, деді Украина басшысы Владимир Зеленский Италияда оның елін қалпына келтіруге көмектесу үшін ұйымдастырылған екіжақты кездесу кезінде. 

Италия Украинаны қалпына келтіруге атсалысады Фото: dia.dp.gov.ua

Украинаның Премьер-Министрі Денис Шмыгал италиялық әріптесінен Украинаның НАТО-ға кіруіне қатысты келіссөздерде қолдау сұрады, деп жазады inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

"Бүгінгі шараға жүздеген италиялық әрі украиналық компаниялар мен ұйымдар қатысты. Конференцияның мақсаты - елді қалпына келтіруге қажеттінің барлығын анықтау, сонымен қатар белгілі бір секторларда италиялық ноу-хауды ұсыну", - деді Euronews тілшісі Джордж Орланди.

Аталмыш шара Италияның Украинаға ұсынатын көмек жоспарының бастамасы ғана. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Премьер-Министр Джордж Мелони еске салып, Италияның Украинаға қол ұшын созуы оның жеңісіне деген сенімділікті, сондай-ақ Украинаның ЕО-ға кіру процесіне қатысуды білдіретінін айтты.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан Украина Премьер-Министрі Италияға елді электр қуатымен қамтамасыз еткені үшін алғыс білдіретінін айтты. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Украинаны қалыпқа келтіру үшін шамамен 400 миллиард еуро қажет болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу