Италия жағалауынан қазақстандық студенттің мәйіті табылды

840

Вибо-Валентия провинциясындағы Бриатико жағалауында жас ер адамның мәйіті табылды.   

Италия жағалауынан қазақстандық студенттің мәйіті табылды Фото: quicosenza.it

Бұл туралы inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамның мәйіті 9 маусым күні таңертең теңіз жағасындағы жартастар арасынан табылған. Алғашында құтқарушылар марқұмды ұзын шашына байланысты әйел адам болуы мүмкін деп болжаған, кейін оның шамамен 20–30 жастағы ер адам екені анықталды.

Алдын ала дерек бойынша, денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Жағалаудағы жартастарға соғылу салдарынан алған жарақаттары тіркелген.

Қазір қаза тапқан қазақстандық жігіттің жеке басы анықталды. Ол – Нұрдәулет Машарипов, Италияда университетте оқыған. Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі болған. Бұл туралы Threads әлеуметтік желісінде Дінмұхамед Мұхтаров хабарлады. Желіде тараған мәліметке сәйкес, жігіт теңізде суға батып қайтыс болған. Қазір оның денесін Қазақстанға жеткізу үшін отбасы қаражат жинап жатыр. Бұл шығын шамамен 8000 еуро (шамамен 4,5 млн теңге) деп көрсетілген.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі оқиғаға байланысты көңіл айтып, Италиядағы елшілік пен жергілікті билік өкілдері тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста, консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу