Италия жағалауында 41 мигрант суға кетті

461

Арасында 3 бала бар.

Италия жағалауында 41 мигрант суға кетті Фото: Qafqazinfo

Жерорта теңізінің орталық бөлігінде Италияға жақын маңда қайық апатынан 41 мигрант суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы "Қызыл Крест" ұйымы мәлімдеді. Мигранттар 3 тамызда Тунистің Сфакс қаласынан жолға шығып, қатты толқынның кесірінен апатқа ұшыраған. Қайықта 45 адам болған. "Қызыл Крест" 4 жолаушының тірі қалғанын айтады.

Италияның жағалау күзеті Лампедуза аралында 4 мигрантты құтқарып қалды. Олар апаттан кейін камераларды ұстанып, суда жүзіп келе жатқан. Апаттың алдын ала себебі, қайықтың қозғалтқышы істен шыққан болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу