Италия жағажай күзетшілері 46 мың босқынды жағаға жеткізді

758

Италия жағажай күзетшілері  46 мың босқынды жағаға жеткізді

Италия жағажай күзеттері екі күн ішінде Жерорта теңізімен қашып, жағаға жете алмай қалған 510 босқынды құтқарды, деп хабарлайды "Рома" телеканалы. 

Ақпарат құралының хабарлауынша, бір күнде Жерорта жағалауында 121 босқын құтқарылса, ертесіне тағы 389 босқын жағаға шығарылған. Италия Ішкі істер министрлігі құтқарылған босқындардың арасында жас балалар көп екенін, алайда әлі күнге олардың саны ресми жарияланбағанын мәлім етті.

Босқындар теңіз арқылы қалтылдаған қайыққа мініп болсын қашуға ұмтылуда. Олардың ішінде суға кетіп қайтыс болғандар да көп екен.

Айта кетсек, 2016 жылы Италия жағажай күзетшілері  46708 босқынды жағаға жеткізген екен. Олардың басым көпшілігі африкалық Нигерия, Гана, Бангладеш секілді елдердің босқындары болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу