Италияда 1 еуро тұратын баспаналар сатыла бастады

869

Сатып алушылар үш жыл ішінде үйді жөндеу жұмыстарынан өткізуге тиіс. 

Италияда 1 еуро тұратын баспаналар сатыла бастады

Италияның Калабрия өңіріндегі Чинкуэфронди коммунасының билігі тұрғын үйді 1 еуроға сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарламаны іске қосты. Бұл туралы CNN Travel басылымы хабарлады.

Коммуна мэрінің сөзінше, бұл бағдарлама осы өңірдегі жастардың ірі қалаларға көшуін тежеу мақсатында енгізілген. Оның үстіне Чинкуэфрондидегі эпидемиологиялық жағдай да тұрақты екен. Пандемия басталғалы бұл елдімекенде коронавирус жұқтырудың жағдайы тіркелмеген.

Бірақ биліктің сатып алушыларға қояр талаптары бар. Үміткерлер үш жыл ішінде пәтерде жөндеу жұмыстарын істеуге міндеттеледі. Сонымен қатар сатып алушылар 250 еуро көлемінде қаражат төлеуге тиіс. Егер де белгіленген уақытта пәтер жөндеуден өтпесе, оның қожайыны 20 мың еуро көлемінде айыппұл салынады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу