Италияның жағалау күзеті 854 мигрантты құтқарды. Жерорта теңізінің Ливия жағалауынан табылған африкалық босқындардың арасында әйелдер мен балалар бар, деп жазады 24 Хабар.
Операция кезінде сондай-ақ 8 әйелдің жансыз денесі табылды. Бір босқын оқ тиіп ауруханаға түскен. Оның қандай жағдайда жарақат алғаны әзірге белгісіз. Тағы 50 келімсектің қотыр ауруына шалдыққаны анықталды. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның мәліметі бойынша, биыл Италияға теңіз жолымен 176 мыңнан астам мигрант табан тіреген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу