Италияда Amazon-ға миллиард еуро көлемінде айыппұл салынды

697

Оған "нарықтағы үстемдігін асыра пайдаланды" деген айып тағылды. 

Италияда Amazon-ға миллиард еуро көлемінде айыппұл салынды

Италияның монополияға қарсы қызметі Amazon онлайн ритейлерін "нарықтағы үстемдігін асыра пайдаланды" деп айыптап, оған 1 миллиард 128 миллион еуро көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Реттеушінің айтуынша, компания Италия нарығындағы абсолютті үстемдігін пайдаланып, интернет-сауда нарығының логистикалық саласында жұмыс істейтін басқа компанияларға орасан зиян келтірген. 

"Осылайша Amazon өз бәсекелестерін шығынға батырып отыр. Олар ұсынып отырған қызмет сапасы Amazon-дікімен пара-пар", – деп жазылған реттеушінің мәлімдемесінде.

Монополияға қарсы қызмет өкілдері айыппұлдың мөлшерін Amazon компаниясының көлемін ескере отырып бекіткен. Бұзушылықтарды түзету процесін реттеушінің өз қадағалайтын болады. 

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу