Италияда қар астында қалған Rigopiano қонақ үйінен апаттан тірі қалған 8 адам табылды. Бұл туралы Италия ішкі істер министрінің орынбасары Фелипе Буббико мәлімдеді, деп хабарлайды 24Хабар.
Ажалдан аман қалғандардың арасында екі бала бар, деп хабарлайды ANSA.
Қазіргі уақытта қар көшкінінен тірі қалып, қонақ үйдің ішінде қамалып қалған өзге де адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Операцияға тікұшақтар тартылды. Құтқарушылар түні бойы экстремалды жағдайда жұмыс істеді. Себебі аталған аймақта ауа райы ноль градустан төмендеп, іздестіру жұмыстары едәуір баяу жүрді.
Қар көшкінінен болған апатқа байланысты прокуратура абайсызда өлтіріп алу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу