Италияда аптап ыстық: қызыл дабыл қағылды

408

Адамдарға күндізгі уақытта күннің астында жүрмеуге және егде жастағы жақындарына мұқият болуға кеңес берілді.

Италияда аптап ыстық: қызыл дабыл қағылды Фото: РИА Новости

Италияның кем дегенде 16 қаласында аптап ыстықтан қызыл дабыл қағылды - билік халықты қауіпсіздік шараларын қолға алуға шақырады, деп жазады Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Ыстық денсаулыққа ғана емес, табиғатқа да зиян тигізуде. Мысалы, Пальма аралында күннің қызуы тез өршіген өрттің тұтануына себеп болды. Онда қазірдің өзінде 500 жергілікті тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, билік тағы мыңнан астам адамды эвакуациялау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Ауа-райынан жануарлар да қиналып жатыр. Хайуанаттар бағында оларға мұздалған тамақ беріліп, шомылу уақыты ұзартылды.

"Сіз мұндай ыстықтан физикалық түрде шаршайсыз. Бұрынғыдай аптап ыстық бір-екі күн созылып басылмайды, қазір бір айдан асып кетеді. Біз расымен істеген ісіміздің неге әкелгенін көріп отырмыз", - деді Италия тұрғыны.

Соған қарағанда швед экобелсендісі Грета Тунбергтің айтқаны келген сияқты, ол енді саясаткерлерге тікелей сауал қайды - іске көшу үшін тағы қандай дәлел керек?! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу