Оқиға салдарынан кем дегенде 21 адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz La Repubblica басылымына сілтеме жасап.
Автобус жол жиегінен шығып, 10 м биіктіктен құлады, жерге түскен сәтте бірден өртене бастады.
Басылымның хабарлауынша, 21 адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды, тағы бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен. Олардың арасында кәмелетке толмағандар бар. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, жедел қызметтер жұмыс істейді.
"Кем дегенде 20 адам қаза тапты — бұл үлкен трагедия. Апатқа ұшыраған автобус Венециядан Маргераға қарай жүрді. Ол жолдан шығып, көпірден ұшып кетті", — деді Венеция мэрі Луиджи Бруньяро.
Президент Сержо Маттарелла мен Италия премьер-министрі Джорджия Мелони қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.