Италияда азаматтық алу жеңілдеуі мүмкін

324

Италияда кеше бірден 5 заң бойынша референдум өтті.    

Италияда азаматтық алу жеңілдеуі мүмкін Фото: gmanetwork.com

Ең бірінші мәселе – азаматтық алу ережелерін жеңілдету, деп жазады inbusiness.kz сайты Le Monde басылымына сілтеме жасап.

Заң қабылданса, Италияда дүниеге келген шетелдік балаларға азаматтық алу әлдеқайда оңай болады. Сондай-ақ азаматтық алу үшін елде тұру мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқартылмақ. Екінші мәселе – еңбек реформаларына қатысты. Енді қызметкерлерді жұмыстан шығару шаралары қатаңдатылып, жұмыстан босатылған жағдайда төлем мөлшері көбейеді.

Референдумды кәсіподақтар мен оппозициялық партиялар жүргізеді. Ол заңды болуы үшін халықтың кемінде тең жартысы дауыс беруге қатысуы керек.  Десе де "Италияның бауырластары" оңшыл партиясы бұл бастамаға үзілді-кесілді қарсы.

Партия өкілдер: "Қазіргі жүйе тамаша, ештеңені өзгертудің қажеті жоқ. Ең ашық, тамаша заң, өйткені біз жылдар бойы жыл сайын ең көп азаматтық беретін еуропалық елдердің қатарындамыз" – деп мәлімдеді.

Еуропалық одақтың статистикасы бойынша 2023 жылы 213 500-ден астам адам Италия азаматтығын алған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп және Еуропалық Одақтың жалпы санының бестен бірі. Азаматтық алғандардың 90 пайыздан астамы Албания мен Мароккодан, сондай-ақ Аргентина мен Бразилиядан – үлкен итальяндық иммигранттар қауымдастығы бар екі елден келген азаматтар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу