Италияның оңтүстігіндегі Кампaния аймағында бір апта бұрын басталған орман өрті ырық берер емес. Лаулаған қызыл жалыннан Везувий жанартауы оянып, түтіндеп жатқандай әсер қалдырады, деп хабарлайды 24.kz.
Апат аймағындағы елді мекендерден тұрғындар мен саяхатшыларды қауіпсіз жерге көшіру басталды. Тілсіз жаумен күресуге ұшақтар пайдаланылып жатыр. Алайда өртті ауыздықтауға ауа райының ыстық болуы кедергі болып тұр. Полиция отты қасақана қойған деп күдіктеніп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу