Италияда бір тәулікте үшінші мәрте жер сілкінді

1000

Италияда бір тәулікте үшінші мәрте жер сілкінді

Италияның Фабриона қаласында жер сілкініп, шамамен 8 адам зардап шекті. Бұл туралы TGCom-24 арнасына сілтемеп жасап  khabar.kz хабарлайды.

Табиғат апатынан бірнеше үй қираған. Жер сілкінісіне байланысты қаладағы барлық мектептер жабылды. 

Айта кетейік, бұған дейін Италияның орталық бөлігіндегі Мачерата провинциясында да 5,4 және 5,9 балдық жер сілкінісі болған еді. Оқиға орнында құрбан болғандар жоқ. Бірақ бірнеше адам жарақат алған. Табиғи апат салдарынан бірқатар аудан жарықсыз отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, 24 тамызда Италияның орталық бөлігінде 6 балдық зілзала болған еді. Салдарынан 279 адам қаза тауып, 2,5 мың адам баспанасыз қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу