Италияда босқындарға қарсы шеру өтті

983

Италияда босқындарға қарсы шеру өтті

Италияның Верона провинциясындағы Соаве коммунасында мигранттарға қарсы ереуіл өтті, деп хабарлайды 24 Хабар.

Шеруге мыңнан астам адам қатысқан. Жұрттың бас көтеруіне коммуна басшысының шешімі түрткі болған. Ол жақын арада 100-ден астам босқынды қабылдайтынын жария еткен.

Жалпы, биыл Италияға 160 мың мигрант келген. Егер бұған дейін билік оларды ірі қалалардағы уақытша орталықтарға орналастырса, енді шағын қалалар мен коммуналарға жайғастыруға мәжбүр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу