Италияда енді ескерткіш бүлдіргендер 60 мың еуро айыппұл арқалайды

1893

Жергілікті билік эковандализмге қарсы күреске білек сыбана кірісті.

Италияда енді ескерткіш бүлдіргендер 60 мың еуро айыппұл арқалайды Фото: strisciarossa.it

Италияда ескерткіштерді бүлдіргені үшін 60 мың еуроға дейін ірі көлемде айыппұл салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.

"Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі қазіргі заманның маңызды мәселелеріне жатады. Бірақ біз шешімдерді табу үшін орнықты жұмыс істеуіміз қажет. Ескерткішті қорлау БАҚ-та орынсыз хайптың туындауына әкеледі", – деді Италияның Мәдениет министрі Дженнаро Санжулиано.

Соңғы жылдары жергілікті Ultima Generazione ұйымы климаттың өзгеру мәселелеріне назар аударту үшін елдегі мәдениет пен өнер нысандарына зиян келтіруге тырысып, бірқатар танымал наразылық акциясын өткізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу