Италияда гүл мерекесі өтіп жатыр

485

Италияда гүл мерекесі өтіп жатыр

Италияның Дженцано қаласында өтіп жатқан гүл мерекесін жер-жаһаннан ағылған туристер тамашалап жүр. Римнен 30 шақырым жерде орналасқан кенттің көшелері жылына бір рет гүлден тоқылған ғажап кілемге айналады, деп хабарлайды aikyn.kz.

Бұл шара 239 жылдан бері үзбей өтіп келеді. Өз ісінің шеберлері мереке қонақтарын жаңа туындыларымен қашанда қайран қалдырады. Гүлден тігілген кілемнің ұзындығы – 240 метрге тең. Композиция шіркеуден бастау алып Дженцано алаңына дейін жетеді. Оны көру үшін мэрияның ғимаратына кіру керек.

Бүгін мекеме есігі барлық келушіге ашық. Тас көпірдің бетін 13 суретпен жабу үшін шеберлер түнімен еңбектенді. Өмір бойы электр жарығын жөндеумен айналысып келе жатқан Луиджи Чампанелланың гүлден сурет әзірлеп жүргеніне биыл 40 жыл болыпты. Бұл жолы ол көрермен назарына Джотто туындысының көшірмесін ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу