Италия билігі кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына көмек ретінде шамамен 14 миллиард еуро көлеміндегі жаңа шаралар пакетін мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Бұл қаражат теріс экономикалық факторлар, соның ішінде энергия бағасының өсуі сияқты факторлардың әсерін тежеуге бағыталады.
"Бүгінгі шаралардың құны – 14 млрд еуро. Басты мақсат – отбасылардың, қоғамның әлеуметтік тұрғыда осал мүшелерінің сатып алу қабілетін және компаниялардың өндірістік әлеуетін қорғау", – деді Марио Драги.
Италия Премьер-Министрі Марио Драги бұған дейін кәсіпорындарды қолдауға шамамен 15,5 млрд еуро бөлу туралы шешім қабылдаған болатын.
"Біз жаңартылатын энергия көздері саласындағы реформаларды мақұлдаймыз, бұл бізге экологиялық таза энерегия көзіне ауысу процесін тездетуге, ресейлік газдан тәуелсіз етуге көмектеседі", – деді премьер-министр.
Табиғат Нұрболат