Қазақстандық студентің Италияда қайтыс болғанын Қазақстанның сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Қазір марқұмның мәйітін Қазақстанға жеткізу үшін жұмыс жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ СІМ марқұмның туыстарымен байланыста екенін мәлімдеді.
Салерно университетінің 27 жастағы докторанты Әсем Жарбосын жол апатынан қайтыс болған. Студентті 20 жастағы жасөспірім жүргізуші көлігімен қағып кетті. Бұл туралы Corriere Del Mezzogiorno басылымы жазды. Басылымның мәліметінше, 17 қаңтарда Салерно қаласының орталығында адам өліміне әкелген апат болған. Верди театрының жанында қызды 20 жастағы Peugeot 308 жүргізушісі қағып кеткен. Жас жігіт тоқтап, дәрігерлерді шақырған. Сонымен қатар ол алкоголь сынағын өткен. Тест нәтижесі теріс болды.