Италияда қазақстандықтар мінген кеме отқа оранды

677

Апат кезінде бортта 17 адам болған. Оның сегізі – қазақстандық турист.

Италияда қазақстандықтар мінген кеме отқа оранды

Италияда шағын кеме отқа оранып, кейін суға батып кетті. Ондағы жолаушылардың ішінде қазақстандық туристер де болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтемемен.

Lady MM кемесі Капри аралынан Сардиния аралына бара жатқан жолда өртенген. Оның өртеніп, кейін суға батып бара жатқан сәтін жағалау күзеті видеоға түсіріп алған.

Апат кезінде бортта 17 адам болған. Оның сегізі – қазақстандық турист, ал қалған 9-ы – экипаж мүшесі. Олар шағын қайыққа отырып, қауіпсіз жерге шыққан. Сол жерден жағалау күзеті құтқарып алған.

Өртті екі катер және тікұшақ сөндірді. Оның неден шыққаны белгісіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу