Италияда мигранттар мінген қайық суға батып, 41 адам қаза тапты

424

Бұл туралы Италияның ANSA ақпарат агенттігі хабарлады. 

Италияда мигранттар мінген қайық суға батып, 41 адам қаза тапты Фото: BBC

Италияның Лампедуза аралында заңсыз мигранттар мінген қайық суға батып, 41 адам қаза тапты деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Италияның ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тунистің Сфакс қаласынан жолға шыққан заңсыз мигранттар мінген қайық Лампедуза аралы маңында аударылып қалған.

Оқиға орнында 41 адам қаза тапса, жағалау күзетінің жасақтары 4 мигрантты аман алып қалды.

Жолаушылар саны 45 адамды құраса, оның ішінде үш бала болған.

Қайық жолға шыққаннан кейін 6 сағаттан соң қатты толқынның әсерінен аударылған.

Орталық Жерорта теңізінде мигранттар ағыны көп жүретін Италияның Лампедуза аралында 6 тамызда суға батқан қайықта әйел мен баланың жансыз денелері табылды.

Халықаралық босқындар ұйымының деректеріне сәйкес, 2014 жылдан бері Ливия мен Тунистен Италияға өтуге әрекеттенген 14 мыңнан астам адам қаза тапты немесе теңізде жоғалып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу