Италияда Тунистен келген 45 мигранты бар қайық Лампедуза аралының маңында суға батып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құтқарушылар 11 жасар қызды түнде суық судан тапты. Қызметкерлер қыздың айқайлаған дауысын естіп қалған. Аман қалу үшін ол көлік дөңгелегіне мініп, бар күшімен айғайлап көмек шақырған. Болжам бойынша ол теңіз ортасында бірнеше сағат отырған.
Құтқарылған бүлдіршін медициналық мекемеге жеткізілді. Жерорта теңізінде өзге жолаушыларды іздеу жалғасуда. Мамандар босқындардың кемесі екі метрлік толқынды дауылдың салдарынан аударылып кетуі мүмкін деп болжауда.
Олар мұндай жағдайда біреудің тірі қалуы нағыз ғажайып екенін айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу