Италия – еліміздің Ресей мен Қытайдан кейінгі үшінші ірі сауда серіктесі. Ұлттық бюро мәліметі бойынша екі мемлекет арасындағы тауар айналымы биыл қаңтар-ақпан айларында 2 миллиард долларды құрады.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көп. Дәрі-дәрмектер, компрессорлар, құбырлар, қара металдардан жасалған бұйымдар, тасымалдауға арналған контейнерлер Қазақстан нарығына жеткізілетін негізгі тауарлар саналады. Ал біздің елден Аппенин түбегіне мұнай және оның өнімдері, алюминий, ферроқорытпа тасымалдануда. Тіпті, қазақтың киіз үйіне де сұраныс бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу