Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тұмары таңдалды

592

Милан мен Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының бойтұмары ақ және қоңыр түсті дулығалы ақкіс (ақ тышқан) болмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының тұмары таңдалды Фото: metaratings.ru

Жоғары көрсетілген суретті Италияның Катанзаро провинциясында тұратын мектеп оқушылары салған. Ақкістің бірі ақ болса, екіншісі қоңыр түсті. Айта кетсек, Олимпиаданың бойтұмарлары жалпыхалықтық дауыс беру арқылы таңдалды, қатысушылардың 53%-ы тышқандарға дауыс берген.

Inside the Games басылымы нақтылағандай, екінші орын Эдельвейс гүліне бұйырды.

Конкурсқа Италияның 81 провинциясынан 681 сынып пен 82 мектептен барлығы 1600 өтінім берілді. Итальяндық студенттер Олимпиада мен Паралимпиадаға екі кейіпкердің кескінін ұсынған.

Милан мен Кортина-д'Ампеццодағы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Ал Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу