Италияда Рафаэльдің бұрын белгісіз болған картинасы табылғанын мәлімдеді

412

Жеке коллекциялардың бірінде италиялық зерттеушілер тобы Рафаэль Сантидің қылқаламымен салынған суретті тапты. 

Италияда Рафаэльдің бұрын белгісіз болған картинасы табылғанын мәлімдеді Фото: eadaily

Өнер туындысы 1504 жылы салынған, деп хабарлайды Inbusiness.kz ANSA агенттігіне сілтеме жасап.

Мария Магдаленаның кішкентай ғана бейнесі ұзындығы мен ені 46 см мен 34 см тақтаға малы бояумен салынған. Әулие суретшінің мұғалімі Пьетро Перуджиноның әйелі Чиара Фанчеллиға қарап бейнеленген.

Леонардо да Винчи мен итальяндық Қайта өрлеу дәуірінің жетекші халықаралық сарапшыларының бірі профессор Аннализа Ди Марияның айтуынша, "кескіндеме Рафаэльдің жұмысындағы бетбұрысты көрсетеді: онда суретші Перуджиноның ықпалынан босатылып, өз жолын тапқанын байқауға болады".

Жұмыстың Рафаэльдің қылқаламына жататындығын растау үшін зерттеушілер суретші әрдайым қолданған кескіндеменің эскизін жасау үшін spolvero техникасын қолданғанын; кенепті дайындаудың ерекше тәсілі; сонымен қатар математикалық пропорциялардың сақталуын алға тартып отыр, өйткені Рафаэль математиканы жақсы білген.

Зерттеу нәтижелері жақын арада Open Science, Art and Science журналында "Рафаэльдің Магдаленасы: оқушы мұғалімнен асып түскенде" мақаласында жарияланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу