Италияда сатушылар мереке күндері ешқандай сауда-саттық жасамауға шақырды

1346

Италияда сатушылар мереке күндері ешқандай сауда-саттық жасамауға шақырды

Италияда сатушылар мен кеңесшілер Рождество мерекесінде жұмыс істеуден бас тартып отыр. Наразылық шарасы ретінде олар Рим, Милан, Палермо және елдің басқа да қалаларында шеруге шықты, деп хабарлайды khabar.kz.

Бұған ірі дүкендер басшылығының биыл алғаш рет рет мейрам кезінде сауда орталықтарын жаппай, жұмыс істейтіндігін жариялауы себеп болды. Ал қызметкерлер болса мейрамды отбасында қарсы алуды қалайды. Екі арадағы кикілжіңді ұлттық ұжымдық еңбек келісімшарты шешуге тиіс. Бірақ ол құжаттың мерзімі 2 жыл бұрын бітіп, жаңа шарт жасалмаған. Сондықтан сауда қызметкерлері тұтынушылардан өздерін қолдауды сұрап, мереке күндері ешқандай сауда-саттық жасамауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу