Италияда шетелдік содырға қатысты сот үкімі шықты

721

Италияда шетелдік содырға қатысты сот үкімі шықты

Италия соты Сирияға аттанған азаматшасына қатысты бірінші үкімін шығарды.

Қоғам үшін аса қауіпті деп танылған Мария Джулия Серджио сырттай 9 жылға сотталды. 29 жастағы әйел екі жыл бұрын Сирияға аттанып, есімін Фатима деп өзгерткен. Марияның телефон әңгімелерін тыңдаған арнайы қызмет өкілдері оның өзімен қоймай, әке-шешесі мен әпкесін де Сирияға тартқанын анықтаған. Сот оның әпкесіне де сырттай 5 жыл жаза кесті. Сот отырысына қатысқан жалғыз айыпталушы - әкесі. Қыздарын көруге Сирияға бармақшы болған ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады 24Хабар.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу