Италияда тағы да жер сілкінді

1260

Италияда тағы да жер сілкінді

Бейсенбіге қараған түні Орталық Италияда жергілікті уақытпен 01:35-те күшті жерасты дүмпуі болды. Жер бетінің ауытқуы Римде анық байқалды, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған "ҚазАқпарат" ХАА.

Италиядағы жер сілкінісінен жер бетінің пішіні айтарлықтай өзгерді. Италия геофизика және жанартаутану ұлттық институтының мәліметтеріне сүйенсек, бұл жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 болған, эпицентрі Мачерата провинциясында орналасқан. Құрбандар мен зардап шеккендер жайлы әзірге еш ақпарат жоқ. Сонымен қатар, АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) Пьеве-Торина коммунасының оңтүстік-батысына қарай 4-шақырымда магнитудасы 5,0 болған жер сілкінісі жайлы хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу