Италияның солтүстігіндегі Маджоре көлінде 20-дан астам жолаушыны, соның ішінде туристерді тасымалдайтын қайық қатты желге қарсы тұра алмай, суға батты, деп жазады inbusiness.kz BBC арнасына сілтеме жасап.
Салдарынан төрт адам қаза тапты.
Қайық жексенбі күні кешке Сесто-Календе мен Арона қалалары арасында аударылды, дейді итальяндық БАҚ.
Қайықта туған күн тойлап жиналған 25-ке жуық адам болған. Кейін жел тұрып, оған шыдас бермеген қайық аударылған. Борттағы барлық адамдар суға шығып, біразы жағаға шығарылып немесе басқа қайықтармен құтқарылды. Бес адам ауруханаға жеткізілді.
Итальяндық БАҚ-тағы расталмаған хабарламаларға сәйкес, қайықта ағылшындар, итальяндар мен израильдіктер болған.
Ломбардия Президенті Аттилио Фонтана "өте ауыр жағдай" ауа-райының қолайсыздығынан болғанын айтты.