Италияда ұшақ тым ауыр болғандықтан жолаушыларды түсіру қажет болды

139

British Airways компаниясы отынды үнемдеу үшін ұшақтан 20 жолаушыны түсірді.  

Италияда ұшақ тым ауыр болғандықтан жолаушыларды түсіру қажет болды Фото: aa.com.tr

Оқиға Италияда болды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

British Airways компаниясының Embraer ERJ-190 ұшағы биікке көтерілгенде қосымша қиындықтарға тап болды. Себебі бұл уақытта Италиядағы ауа райы 35°C ыстық болып тұрған. Флоренциядағы Америго Веспуччи әуежайының ұшу-қону жолағының қысқа болуы да жағдайды күрделендірді.

Куәгердің айтуынша, 11 тамыздағы рейсте қозғалтқышқа қосымша отын қажет болғандықтан және ауа температурасының жоғары болуына байланысты кейбір жолаушылар ұшақтан түсуге мәжбүр болған.

Әуе компаниясы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

– Флоренция әуежайының қысқа ұшу-қону жолағы мен ауа температурасының жоғары болуына байланысты ұшақтың салмағын азайту қажет болды. Біз жолаушыларға келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз. Біздің қызметкерлер адамдарды межелі жерге барынша тез жеткізуге тырысты, – деп хабарлады British Airways.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу