Италияда ұшқыштар мен жолсеріктер наразылық танытты

819

Италияда ұшқыштар мен жолсеріктер наразылық танытты

Италияда "Ryanair", "Vueling" және "Alitalia" әуе компанияларының ұшқыштары мен жолсеріктері наразылық акциясын ұйымдастырып, сапарға шығудан бас тартты, деп хабарлайды 24.kz.

Наразылық акциясына әуежай қызметкерлері де қосылды. Осының салдарынан "Алиталияның" 77 рейсі кешікті.

Ереуілшілер компания басшылығынан жалақы көлемін өз қалауына қарай өзгертуге рұқсат беретін еңбек келісімшартын қайта қарауды талап етіп отыр.

Жалпы бұл компанияға банкротқа ұшырау қауіпі төніп, төтенше комиссарлардың басқаруына берілген. Олар келесі жылдың көктеміне дейін бірлестікті сатып алатын инвестор табуға тиіс. Қазір "Алиталияны" иелік етуге бірнеше компания ниет білдірген. Оның ішінде "Люфтганза" да бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу