Италияда вандализм жасаған қазақстандық босап шықты

227

Оқиғаға қатысты сот ісі одан әрі әкімшілік тәртіппен жүргізіледі

Италияда вандализм жасаған қазақстандық босап шықты Фото: Parco Archeologico di Pompei - Ministero della Cultura

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жерлесіміздің ұсталғанын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біздің азамат Италияда тарихи ғимаратқа заңсыз жазу жазғаны үшін ұсталды. Құқық қорғау органдары барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін ол босатылды. Осы оқиғаға қатысты сот ісі одан әрі әкімшілік тәртіппен жүргізіледі", - деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, бұған дейін Помпеиде вандализм жасаған қазақстандық туристің ұсталғаны туралы хабарлаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу