Италияда жағалау қызметі 1400 босқынды құтқарды

1083

Италияда жағалау қызметі 1400 босқынды құтқарды

Италияның жағалау қызметі Жерорта теңізінде Еуропаны бетке алған 1400 босқынды құтқарып қалды, деп жазады 24 Хабар.

Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, биыл Италияға Солтүстік Африкадан ағылған босқындар саны 2014 жылғы рекордтан асып кеткен. Нақты мәлімет бойынша, биыл мұнда 171 мыңнан астам босқын келген. БҰҰ-ның дерегіне сүйенсек, Кәрі құрлыққа бет алған 4,5 мыңнан астам босқын Жерорта теңізінде із-түзсіз жоғалған немесе қаза тапқан. Италияға ағылған босқындар саны Балқан бағыты жабылғаннан кейін арта түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу