Оқиға "Corda Molla" деп аталатын аймақтық тас жолдың жолақтарының бірінде болған. Ұшақ жерге құлаған сәтте бірден отқа оранып, оның ішіндегі ер мен әйел адам түгелдей жанып кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың кім екені және қайдан ұшып шыққаны әзірге белгісіз.
Құлаған ұшақтың қалдықтары бірнеше жеңіл автокөлікке зақым келтіргенімен, жүргізушілер мен жолаушылардың арасында зардап шеккендер жоқ.
Қазір оқиға орнында полиция мен апаттан кейінгі сарапшылар жұмыс жүргізіп жатыр. Тергеу барысында ұшақтың нақты қай әуежайдан көтерілгені және апаттың себебі анықталатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу