Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігі қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясының салдарынан Италиядағы төтенше жағдайға байланысты Италия мен әлемнің басқа елдері арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.
Осыған байланысты, елшілік қазіргі уақытта ресейлік "Аэрофлот" әуекомпаниясының Мәскеу қаласында қайта отырғызу арқылы Римнен Қазақстанға жолаушылар рейстерін жүзеге асырып жатқандығын ескертеді.
11 наурыздан бастап "Аэрофлот" әуекомпаниясы Италияның қалаларына ұшу бағдарламасын өзгерткен. Ақпараттың жаңаруын компанияның ресми сайтынан тексеріп тұруға болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу