Италиядағы су тасқыны: хабар-ошарсыз кеткендер бар

241

Елдің оңтүстік-батысындағы Кампания аймағындағы үйлер мен кеңсе бөлмелері су астында қалды.  

Италиядағы су тасқыны: хабар-ошарсыз кеткендер бар Фото: Euronews

Италияда нөсер жаңбырдан туындаған сел мен көшкіннің салдарынан екі адам жоғалып кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нөсер жаңбыр елдің солтүстік және орталық аймақтарында екі күн бойы тоқтаған жоқ, бірқатар оңтүстік аудандарда су тасып, селге ұласты.

Италиялық ANSA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кампания аймағындағы Сан-Феличе-а-Канчеллоның сыртында Таланико ауылында көшкіннен кейін екі адам жоғалып кетті. Жоғалғандардың бірі – егде жастағы әйел. Жоғалған адамдарды іздеуге өрт пен күш құрылымдары тартылды.

Әлеуметтік желіде кең таралған кадрларда Кампания аймағындағы үйлер мен кеңсе бөлмелері су астында қалғанын көруге болады. Көптеген автокөлік жүргізушілері жолда қалып қойды.

Аввелино қаласында өрт сөндірушілер 12 жасар қызды құтқарып қалды. Өрт сөндірушілер бірнеше үйдің тұрғындарын да эвакуациялады.

Алдыңғы күні Италия үкіметі жанындағы Азаматтық қорғаныс департаменті 10 провинция үшін апат қаупі туралы ескерту шығарды.

Дүйсенбіде Миландағы Малпенс әуежайының кейбір терминалдарын су басқандығы туралы хабарламалар болды. 27-ге жуық рейс басқа әуежайларға бағытталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу