Италиядан келген 167 адам үйдегі карантинге алынды

1185

703 қазақстандық карантинде қалып отыр. 

Италиядан келген 167 адам үйдегі карантинге алынды

Коронавирус тараған елдерден келген 703 қазақстандық карантиндік оқшаулауға алынған.Сондай-ақ 167 адам "үйдегі карантинге" алынып, 3019 адам дәрігерлердің бақылауына тіркелген.Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин аталмыш азаматтардың жұмыстан босатылу жағдайына қатысты түсініктеме берді.

"Карантинде 703 адам қалып отыр. Біз Қытай, Иран, Оңтүстік Кореядағы жағдайлар бойынша бұл мәселені күнара қарап отырамыз. Үйдегі карантинде 167 адам бар. Олардың бәрі Италиядан келген. Екінші санаттағы адамдарға үйлерінен шығуға болады. Қазіргі уақытта 3019 адам осындай бақылауда тұр. Карантинге алынған адамдарға міндетті түрде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі. Олардың тізімдері барлық емхана, ауруханаларға түсіп тұрады.Өтініш берген кезде оларға науқас парағы кедергісіз беріледі", – деді бас санитар.

Есжан Ботақара
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу