Бұл туралы Италияның Қазақстандағы елшілігі хабарлады. Бұл бағыттағы шаралар желтоқсан айында басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Италия елшілігі визаға өтініштер мен биометриялық деректерді жинау үшін Алматы қаласына мерзімді іссапарлар ұйымдастыратын болады.
Бірінші қабылдау 2022 жылғы 19 желтоқсан, дүйсенбіде өтеді және Италия елшілігі жанындағы Сауда өкілдігінің кеңсесінде ICE Алматы /Италия елшілігінің алмасуды ілгерілету жөніндегі бөлімі (Қазыбек би көшесі, 41, Парк Палас кешені, 050010, Алматы) келесі кесте бойынша өтеді: 10:30-13:00 және 13:30-17:00",- делінген ведомствоның хабарламасында.
Виза алғысы келетіндер мәзірден "Richiesta visti in Almaty / Visa Application in Almaty / Алматы қаласына виза алуға өтінім беру" күнтізбесін таңдап, prenot@ami порталы арқылы тіркелуі қажет.
Ұсынылатын құжаттар туралы ақпаратты мына жерден табуға болады. https://ambastana.esteri.it/ambasciata_astana/it/visti/
Келесі қабылдау күндерінің кестесі кейінірек жарияланады.