Димаштың Астанадағы жеке концерттерін тамашалаған автор қазақстандық музыкант, оның қалыптасуы, отбасылық және ерекше дауысы туралы әңгімелеп, әртістің тұлғасына бүкіл адамзатты байланыстыратын дәнекер деп баға береді.
"Әлемнің сексен елінен келген қырық мың адамды Димаштың өнері біріктірді! Концерттегі атмосфераны сөзбен жеткізу мүмкін болмас. Бірдей жылдамдықпен соғып жатқан көп жүрекпіз. Димаштың әр концерті бұрынғыларына ұқсамайтын ерекшелігімен есте қалады. Біз өзімізді тілдеріміздің әртүрлілігіне қарамастан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде тұрғандай сезіндік", - делінген мақалада.