Италиялық дипломат Қазақстан жайлы кітап шығармақшы

Кітаптың атауы – "Kazakhstan in 10 words".

Италиялық дипломат Қазақстан жайлы кітап шығармақшы Фото: видеодан алынған кадр

Дипломат кітап туралы толық ақпаратты "Born Bold.Travel Boldcast" подкастында хабарлаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Италияның Қазақстандағы елшісі Марко Альберти осы күні кітабын баспаға дайындап жатыр. Мұны "Kazakh Tourism" компанияның басшысы Қайрат Садуәқасовқа берген сұхбатында айтты. 

Автор кітаптің Қазақстанды сипаттайтын 10 басты сөзге негізделетінін алға тартады. Әрі бұл туындыға бірегей ерекшелік береді. 

– Бірнеше досымнан қандай сөзбен өз елдерін сипаттайтынын сұрап, осы идея туындады. Содан кейін мен осы сөздерге байланысты өз тәжірибемді сипаттауды шештім. Бұл – менің кітабымның негізгі концепциясы. Мен Қазақстанды ішінен көрсетуге ниеттімін. Кітап 50-60 беттен тұрады. Ол бестселлер ретінде жоспарланған жоқ. Мен оны Қазақстанда жүрген кезіміздегі естеліктер ретінде жасадым. Меніңше, егер сізде маңызды тәжірибе болса, онымен бөлісу керек. Бұл адамзаттың дамуына көмектеседі. Мен кітапты менен кейін келетін адамдарға қалдырғым келеді. Олар менің тәжірибемді пайдаланып, біз осында жасаған нәрсені жақсарта алады, – деп қосты дипломат.

Марко Альберти кітабын 2 тілде шығаруды жоспарлаған. Бұл автор сөзінше, кітаптың кең көлемде таралуына ықпалын тигізеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу